Skip to content

2-7 сынып оқушылары арасында өткізілген «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының мектепішілік кезеңі 2025-26

2025 жылдың 31 қазан күні 2-7 сынып оқушылары арасында өткізілген «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының мектепішілік кезеңі өткізілді. Конкурстың басты мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық – шығармашылық әлеуетін ынталандыру.
Конкурсқа жалпы саны – 7 оқушы қатысуға өтінім беріп, 5 жоба ұсынылды. Жеке жұмыстар саны – 3, топтық жұмыстар саны – 2. Конкурстың ережесіне сәйкес, секциялар бойынша кіші және орта топтағы оқушылар зерттеу жобаларын қорғап, қазылар алқасының алдында ғылыми ізденістерімен бөлісті. Қазылар алқасы әр жобаның ғылыми өзектілігіне, жаңашылдығына және практикалық маңыздылығына назар аудара отырып, әділ бағасын берді. «Үздік» деп танылған жобалар жас ерекшеліктеріне қарай мектепішілік қалалық кезеңге жолдама алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *