🎓ҰБТ 2️⃣0️⃣2️⃣5️⃣ 📌 2025 жылдың 5 мамыр күні мектебімізде маңызды кездесу өтті. 🔹 Тақырып: «11-сынып түлектерідің ҰБТ пен мемлекеттік қорытынды аттестациясын ұйымдастыру және өткізу» Кездесу барысында келесі өзекті мәселелер талқыланды:
1️⃣ 11-сынып түлектерінің ҰБТ мен мемлекеттік қорытынды аттестациясын ұйымдастыру және өткізілу барысы туралы мектеп директоры А.Т.Нурумбаева
2️⃣ Мемлекеттік грантқа түсу үшін – ҰБТ-ға дайындық барысындағы ата-ананың ықпалы туралы Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Махина Сандигул Муратовна
3️⃣ Емтихан түріндегі мемлекеттік қорытынды аттестаттауды өткізу ережелері мен тәртібін таныстырған ДОІЖО Бижанова Г.С.
4️⃣ Оқушылардың ҰБТ нәтижелеріне (қаңтар, наурыз айлары) талдау жүргізіп, салыстырмалы нәтижелерін көрсеткен ДБІЖО Абдижапарова Г.Т. 🎯 Бұл кездесу ата-аналар, ұстаздар мен мектеп әкімшілігі арасында тиімді байланыс орнатып, бітіруші сынып оқушыларының емтиханға даярлығы мен болашақтағы бағытын нақтылауға бағытталды. 📚 Түлектерімізге сәттілік тілейміз! Еңбектеріңіз жемісті болсын! 💐