Skip to content

Ата-аналарға

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!

2024-2025 оқу жылында 6 жастан 13 жасқа дейінгі балалар үшін мектеп жанынан ашылған мектептерде ТЕГІН ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІ ұйымдастырылады.

– № 6 мектеп «Шаттық» лагері
– №10 мектеп «Тұлпар» лагері
– № 16 мектеп «Қызғалдақ» лагері
– №17 «Жас қанат» лагері
– №19 мектеп «Балдәурен» лагері
– №22 мектеп «Ақжелкен»
лагері – №23 мектеп «Қарлығаш»
мектеп -№23 мектеп «Қарлығаш I2»
лагері №30 мектеп «Бозжыра» лагері
Лагерге:
І. Атаулы әлеуметтік көмек (АСП) алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;

ІІ. Атаулы көмек мүмкін емес, бірақ жан басына шаққандағыы ең күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар ;

ІІІ. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.Құжаттарды қабылдау 26.05.2025 ж. басталады.

Барлық сұрақтар бойынша «№14ЖББМ»КММ әлеуметтік педагог Есенғалиева Нұршат Арыстанбекқызына хабарласыңыз.

Байланыс номер: 87789241905

🎓МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ.

📆2025жылдың 5 мамыр күні 9 сыныптар ата-аналарына “Мемлекеттік қорытынды аттестау” тақырыбы бойынша жиналыс өткізілді.

🔰Бірінші мәселе бойынша 9 сынып жетекшісі Шоңаева А. 2024–2025 оқу жылындағы 9-сынып оқушыларына арналған қорытынды аттестаттау туралы баяндама жасады. 2024–2025 оқу жылының аяқталуына байланысты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, 9-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау өткізіледі. Бұл рәсім оқушылардың негізгі орта білім деңгейін қаншалықты меңгергенін анықтауға бағытталған. Аттестаттаудың мәні мен маңызын атап өтті, аттестаттау 4 пән бойынша өткізіледі. Барлық пәндер бойынша емтихан кестесі мектеп ішкі бұйрығымен бекітіледі. Оқушыларға және ата-аналарға емтихан форматы, бағалау жүйесі және тәртіп ережелері түсіндірілді. Емтиханға дайындық кестесі бекітілді. Қажетті құжаттар әзірленіп жатыр. Пән мұғалімдері жауапкершілікпен қарап, оқушыларды дайындау жұмыстарын жалғастыруда.

🔰 Екінші мәселе бойынша 9 сынып жетекшісі Абдуллаева А, Джубанова А. 9-сыныпты аяқтаған оқушылар үшін колледж немесе 10-сынып арасындағы таңдау мәселесі туралы айтылды. Аталған таңдаудың оқушылар үшін болашақта маңызды рөл атқаратынын, сондай-ақ бұл кезеңде дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Оқушылардың болашақ мамандықтарын таңдау барысында кәсіби бағдарлау жұмыстарының жүргізілуі және ата-аналар мен мұғалімдердің тығыз қарым-қатынасы қажеттігі жөнінде пікірлер айтылды.

🔰Үшінші мәселе бойыншы Кәсіпті бағдар беруші Г.Муналбаева Мамандық туралы ақпараттар айтылып, оқу орындарына түсуге ықпал жасау ұсынылды. Адам өмірінің ең үлкен таңдаудың бірі мамандық таңдау. Сол себепті таңдаған маман иесі болуға қазірден дайындалу керек.

🔰Өткізгендер: 9 сынып жетекшілері.