


2024 жылғы қаңтар айының 19 жұлдызы күні «№14 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де жоспарға сәйкес ұжымдық жиналыс өтті.
Жиынға мектебіміздің ұстаздары мен қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
- Мектеп директорының 2023 жылғы атқарған жұмысы, соның ішінде қаржы қозғалысы туралы есебі;
- Кәсіподақ ұйымының 2023 жылғы жұмысы туралы есебі;
- Педагог этикасы.
Аталған мәселелер бойынша мектеп директорының м.а. А.У.Жилгелдиева күн тәртібіндегі қаржы қозғалысы туралы есеп берді.
Кәсіподақ төрайымы Жалғасбаева Э. кәсіподақтың жылдық жұмысы туралы есебін баяндады.
Аймагамбетова К.Э. педагог этикасы жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.